Қош келдіңіздер, осы мақалада кішкене болса да, теорияны оқимыз. Қарапайым жағдайды қарастырамыз. Дайын болсаңыз, кірісеміз. Терминдердің кейбіреулері қызық естілсе, кешіріңіз, басқасы жоқ. Қатты дискілердің бөлімдері келесі түрлері болады: біріншілік, кеңейтілген және логикалық. Жүз рет естігенше, бір көргені артық дейді ғой, осыны дұрыс деп санаймын. Түсінікті болу үшін, қатты дискідегі орынды жалпақ түрінде қарастырамыз: Қатты диск [...]