Jabber (Джаббер) — жедел хабарламалармен алмасу хаттамасы. Қайта, оны XMPP деп атағаны дұрыс — хабарламалармен алмасу және қалып-күйді көрсетуі бар кеңейтілетін хаттама.
Біріншіден, XMPP — ашық стандарт (html, электронды пошта, т.б. сияқты), RFC-те анықталған. Яғни, джабберді қолдана бастаған кейін, бір кезде хаттама иелері оны қолдану үшін ақша сұрайтын мүмкіндігі жоқ. Оның өндіруін XSF ассоциациясы басқарады (бұрынғы Джаббер стандартының ассоциациясы, JSF). Басқа көптеген интернет-пейджерлерден басты айырмашылығы, джаббер электронды поштаға жақын:
- пайдаланушыны нөмір емес, аты анықтайды, ол атты өзіңіз таңдай аласыз
- бір сервердің бірнеше аттары (алиастары) болуы мүмкін
- әр сервер кез-келген басқа сервермен қатынас құра алады
- серверге қауіпсіз қосылуға болады
- хабарламаларды шифрлеу клиент деңгейінде бар, яғни оларды жолда ешкім оқи алмайды
- бүкіл чат тарихы серверде сақталуы мүмкін
- веб-интерфейсі бар
- vCard визиткаларын жасауға болады
- хабарламаны жеткізілгені туралы біле аласыз

Сонымен қатар, джабберде чаттардың біраз пайдалы мүмкіндіктері бар
- пайдаланушының қалып-күйін көрсету (кеңейтілген түрі де бар)
- көп пайдаланушылык чаттар (конференциялар)
- пайдалы боттар бар
Оған қоса, джаббердің қосымша өте пайдалы мүмкіндіктері бар, олар
- басқа желілермен байланыстыратын «транспорт»-шлюздар (ICQ, Mail.ru Agent, IRC, т.б.)
- бір уақытта бірнеше жерден қосыла аласыз. Бір тіркелгіні қолданып! Ал, сізге жіберілген хабарлама қай жерге баратынын көрсететін джаббер-клиенттердің приоритеттері бар (қолмен бапталады).
ICQ-дан Джабберге өту туралы
Қазақстандық Джаббер сервер оған арналған форум тармағы
ЗЫ: Келесі жолы пайдалы джаббер боттар туралы айтамын
Баур jabber.ru аркылы ICQ ге транспорт жасауға қалай болады?
Өкінішке орай, ресейлік джаббер серверле ICQ транспорты 2007 жылдан бастап жоқ
xmpp.kz — те ондай транспорт бар, сол серверде тіркеліңіз!