Архивы для Июнь, 2009
Бірінші пост
30 Июнь
Хеллоуворлд деп жазбай-ақ қойяын десем, болмады – вордпрессті енді игеру керек! Қайта, тұрақты парақтар болғаны қандай жақсы, өзім туралы жазуға болады:). Алдыңғы блогымнан керек ақпаратты осында көшіремін.
Linux-та Winamp бар ма? Әрине, бар!
29 Июнь
Адамдар өздерінің үйреніп қалған бағдарламаларын әрқашан да қолданады, біреуі Qip-ті, басқасы Miranda, үшіншіге тіпті мэйл агенттің құрамындағы ICQ клиенті де жеткілікті. Ал, Winamp-қа қайта оралайық. Есіңізде болса, оның алғашқы нұсқалары 90-шы жылдары пайда болған. Өзінің негізгі мақсатын – музыканы ойнатуды жақсы атқарған. Winamp Classic сыртқы түрін де көрген шығарсыздар. Ол Winamp 2 нұсқасы болған. Кейін, 3 пен 4 нұсқаларын аттап өтіп, өндірушілері оның 5-ші нұсқасын шығарған. Ол кезде Winamp-ты американ AOL компаниясы сатып алып, оның құрамына керек те, керек емес те нәрселерге толтырып жіберді. Мысалы, бір кезде осы плейердің ішінді жарнаманы де көрсетпекші болған! Бірақ, кейін ол ойдан тайыған, ол слишком болатын еді. (Айтпақшы, AOL компаниясы ICQ протокол мен компаниясының да иесі, көріп тұрсыз ба, одан не шыққанын). Ал, кіріспесі ұзарып кетіпті, негізгі бөліміне кірісейік!
Рұқсат етсеңіз, назарларыңызға Qmmp бағдарламасын ұсынамын. Ол – еркін бағдарлама, яғни, оны ешкім тартып ала алмайды, және де ол өзінің негізгі мақсатын жақсы атқарады. Аудио файлдардың барлық түрлерін оқиды, оған қоса Linux медиаплейеплердің арасында сирек кездесетін CUE файлдар пішімін де оқиды. CUE дегеніміз, үлкен бір mp3 не басқа дыбыс файлдың ішкі құрамасын көрсететін кішкене ғана мәтіндік файлы. Бүтін, көлмемі үлкен файлды ойнату ыңғайсыз, қай трек қай уақытта басталатынын, тіпті трек аттарын де біле алмайсыз. Ал, ондай үлкен дыбыс файлға CUE файлы бар болса, қандай жақсы, CUE файлдарды қолдайтын плейер өзінің плейтізімінде оны бірнеше тректер тізімі ретінде көрсетеді. Тректерді орындармен ауыстырып, әрқайсысымен ол жеке файл сияқты жұмыс істеуге болады (плейлист ішінде, әрине). Ол бағдарлама кең таралған Linux дистрибутивтерінің әрқайсысы үшін бар. Мысалы, менің ArchLinux-ым үшін, Ubuntu, Debian, Mandriva үшін жиналған дестелер бар. Ал, сіздің линуксыңыз үшін жоқ болса, ол мәселе емес, бұл еркін бағдарламалық қамтама ғой, бастапқы кодтарын компиляциялау арқылы өзіңізге ол бағдарламаны жасай аласыз. Қалай жасайтынын білмесеңіз, онда сізге Ubuntu-ды қолдануға тура келеді.
Бірнеше скриншоттарды дайындап қойдым:
Скиндары ауыстырылады, Winamp 2 скиндары келе береді, оларды алатын орны

Қаралау келген бір скин
Баптаулар терезесі
Айта кететінім, бұл бағдарлама әлі өндірілу үрдісі үстінде, глюктары болуы мүмкін. Ондай шықса, ешкімге ренжімеңіз
Жаңа Mozilla Firefox 3.5 браузері 30 маусым күні шығады
29 Июнь

Mozilla Foundation фонды Firefox браузерінің 3.5 нұсқасын 30 маусым күні шығарады, деп хабарлайды Webmonkey блогы, Mozilla өкілдеріне сілтеме жасап. Бұл браузердің соңғы релиз-кандидат нұсқасы өткен аптаның аяғында шыққан.
Firefox 3.5 браузердің негізінде парақтарды көрсету движогы Gecko 1.9.1 жатыр. Оған қоса, Firefox 3.5 браузері жекелік шолу режимін мен TraceMonkey технологияларын ұсынады. Соңғысы JavaScript өңдеуге арналып, браузердің өнімділігін арттырады.
Firefox 3.5 браузері Windows, Mac OS X және Linux негізіндегі операциялық жүйелер үшін нұсқалары бар. Браузер, қазақ тілін қоса санағанда, әлемнің 70 тіліне аударылған.
Қазіргі кезде қолданылуы бойынша Mozilla Firefox дүние жүзінде екінші орынды алады. Пайдаланушылардың 20-25 пайызы оны қолданады. Бірінші орында Microsoft Internet Explorer браузері, оны 65-70 пайыз пайдаланушылар қолданады.
Linux әдістемелері туралы – олар керек пе?
29 Июнь
Блогты бастаған бері, Линуксты қолдану жөнінде толық әдістемені жасау ойым болған, қазір басқаша ойлап отырмын. Көбінесе адамдар Убунтуды бірінші дистрибутив ретінде қолданады, бірақта онда тұрған қиын ешнәрсе жоқ, Гуглдан іздесеңіз, неше түрлі, неше тілдегі әдістемелерін табасыз. Оларды аударуға өзім үшін пайдасын көрмеймін, сапасы аз аударма болатын шығар. Линукс тарихын қараған едім, википедияда барлығы де толығымен жазылған. Өзімді қызықтырмайтын жұмысты істеуге қа-а-а-ты-ы-ы ұнатпаймын. Сөйтіп, әлі ойланудамын. «Убунтудың үлкен кітабы» биыл шықпайтын сияқты
.
Linux бастауыштар үшін. Бөлім 1: Негіздер мен терминдер
28 Июнь
Еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ) біртіндеп күш жинауда. Егер бұрын ол тек тәжірибесі бар адамдармен қолданылып, кәдімгі пайдаланушылар үшін күнделікті қолдануға жарамаса, қазір осы жағдай өзгерген. ЕБҚ-ға өткен адамдар саны күннен-күнге өсіп келе жатыр, олардың арасында басқа операциялық жүйелер туралы естімеген адамдар да бар. Осы мақалалар сериясы осыған байланысты жазылған. Одан сіз бірнеше терминдерді, дистрибутивті қалай таңдау, таңдалған дистрибутивті қалай орнатып-баптауды, көмекті қайдан іздеу және не оқу керек туралы біле аласыз.
Терминология
GNU/Linux-ты «шұқып» көріп, одан соң оны күнделікті қолданамын дегендер тәжірибелері аз болғандықтан жиі терминологияда шатасады. Төменде ыңғайлатылған түрінде бірнешеуін түсіндіруге тырысамын. Көбірек білу үшін осы ұғымдар туралы Интернетте (Википедияда) оқып, танысуға болады.
Free Software – еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ), оны еркін қолданып және таратуға рұқсат ететін еркін лицензиялардың біреуі аясында таратылады.
Open Source – бастапқы кодтары ашық бағдарламалық қамтама не ашық бағдарламалық қамтама. Маңызды ескерту: ашық – тегін дегені емес. Ашық пен еркін арасында айырмашылығы аз, тек керек кезінде оны ол туралы жеке айтамыз.
GNU/Linux – Linux ядросына негізделген операциялық жүйенсінің атауы. Көбінесе осы сөз тіркесінің бірінші бөлігі айтылмайды, тек Linux (Линукс) деп айтылады. GNU/Linux құрамасы – ядро, командалық өндеуіш және бағдарламалық қамтаманың жинағы.
Дистрибутив – бағдарламалық қамтаманың (операциялық жүйелер де) таратылу түрі, құрамында осы операциялық жүйенің орнатқышы мен минималды бағдарламалар жинағы болады. Linux дистрибутивтерінің мысалдары: Ubuntu, Debian, Slackware, openSUSE, Archlinux, т.б.
Консоль (командалық жол) – негізі, ол – операциялық жүйенің мәтіндік көрінісі, түрі. Мәтіндік командаларды енгізу-шығару құралы. GNU/Linux жүйелерінде командалық жол деп көбінесе Bash командалық өңдеуіші және оның графикалық кеңейтуі (Xterm, Gnome-terminal) аталады. «Терминал» ұғымына ұқсас болып келеді.
Root (суперпайдаланушы) – GNU/Linux жүйелерінде шектеусіз әкімшілік құқығы бар пайдаланушысы.
GUI (ағылш. «graphical user interface») – пайдаланушының графикалық интерфейсі. Яғни, терезелер, панельдер, батырмалар мен т.с.с.
Window Manager – терезелердің орналасуын мен олардың әрекеттерін басқарады. Мысалы, Compiz – графиалық эффектілерді ұсынады.
Desktop Environment – жұмыс үстелінің ортасы, негізгі үші түрі бар: KDE, GNOME, XFCE. Құрамында бағдарламалар жинағы болуы мүмкін. Мысалы, мәтіндік редактор ретінде Gnome ішінде gedit, ал KDE ішінде Kwrite болып келеді. Жай ғана бағдарламалар жинағы емес, өзара тығыз байланыстырылға болады, мысалы, медиаплейерде ойнап жатқа өлең атын жедел хабарламалармен алмасу бағдарламасы көрсете алады.
Десте – бағдарламалық қамтама файлы, құрамында бағдарламаның өзі, қосымша мәліметтер болады (лицензия мәтіні, мысалға). Десте атауы әдетте стандартты болады, бағдарлама аты, нұсқасы, архитектурасы көрсетіледі. Сонымен қатар, Linux әлемінде қолданатын дестелер түріне сәйкес дистрибутивтер екі үлкен топқа бөлінеді. Ең көп таралғандары deb және rpm дестелер түрлері. Алайда, кейбір дистрибутивтер өздік пішімдердегі дестелерді қолданады.
Дестелер менеджері – БҚ дестелерін басқаруға арналған бағдарлама. Бағдарлама дестелерін іздеу, орнату, өшіру, жаңарту мен т.с.с. әрекеттерді орындайды Мысалы: dpkg, rpm. Archlinux үшін дестелер менеджері – pacman.
Репозиторий – БҚ дестелері орналасатын жер. Ол интернеттегі серверде, жергілікті компьютерде, не компакт-дисктерде орналасуы мүмкін. Репозиторийден дестелер менеджері дестелер туралы ақпаратты оқып, оларды жүктеп ала алады.
Бастапқы код – бағдарламаның «шикі» түрі, яғни, бағдарламалау тілінде жазылған код файлдары мен қосымша құрама (суреттер, құжаттама, т.с.с.). Бағдарлама осы түрінде пайдасыз, қолдану үшін оны «жинау» керек, бұл үрдіс компиляция деп аталады.
Скрипт – командалық өңдеуіш орындайтын командалар жазылған файл. Мысалы, командалар тізімін қайта-қайта тере бермеу үшін оны скриптке жинауға болады.
Последние комментарии