Қазақша
Unix-way және Linux түрлері
8 Декабрь
Линукс дистрибутивтерінің көптеген түрлері бар, distrowatch.com сайтына сенетін болсақ, олар 300-ден астам. Олардың ішінде кәдімгі қолдануға үшін де, арнайы бір мақсатты, мысалы, қауіпсіздікті сынау, т.с.с. үшін жасалғандары бар. Бірінші түрі үшін Ubuntu, екінші – Backtrack мысал бола алады. Және басқа да түрлері өте көп. Мысалы, мен Линукспен енді таныса бастаған кезімде, 1 дискеттен жүктелетін нұсқасы қолыма түскен, оның ішінде графикалық интерфейсі де (!) болған! Мен үшін ол өте қызық көрінетін. Қазір де ол қызығушылықтан бас тартқан жоқпын, тіпті тартуға деген ойым де жоқ. Ал, негізгі тақырыптан ауытқымай, әңгімемізді жалғастырайық.
Бұл жерде үлкен әрі маңызды мәселе – Unix жолы (Unix-way) ұғымы. Оның қысқаша мағынасы – әр бағдарлама немесе қолданба өзі арналған есептерді толығымен шешіп, сол бір есепті ғана атқаруы тиіс, яғни, бір бағдарлама – бір есеп. Мысалы, uname командасы көмегімен ағымдағы дистрибутивтің нұсқасын біле алатын болсақ, мысалы,
uname -a
Linux laptop 2.6.31-ARCH #1 SMP PREEMPT Tue Nov 10 19:48:17 CET 2009 i686 Intel(R) Core(TM) Duo CPU T2600 @ 2.16GHz GenuineIntel GNU/Linux
басқа бір бағдарламаға осы нұсқаны алу үшін uname командасын шақыру керек деген сөз. Немесе, JPEG суреттерін өндеу жинағы (library), жүйеде тек қана біреу болады, осы суреттерді өндейтін барлық бағдарламалар осы жинақты қолданады. Әрине, осы ережелерді қолдамайтын да бағдарламалар бар, олар көбінесе проприетарлы, яғни, кодтары ашық емес және еркін бағдарламалар емес. Мысалы, IBM Lotus Notes сондай бағдарлама.
Әрі қарай. Бір бағдарлама не жинақ тек бір есепті шешеді, осыны түсіндік. Ал, осы есепті, яғни, осы бағдарламаны не жинақты керек қылатын басқа бағдарлама оған тәуелді болып қалады, яғни, жүйедегі барлық бағдарламалық қамтама өзара тәуелділіктермен байланысқан. Мысалы, графикалық суреттерді шолушы бағдарлама міндетті түрде JPEG жинағын талап етеді, т.с.с. Барлық бағдарламалар және жинақтар дестелер түрінде келеді, яғни, бағдарламалық қамтамамен әрекеттер жасау кезінде біз дестелермен жұмыс жасаймыз. Әр дестеде оның аты, нұсқасы, тәуелділіктері мен ерегісетін дестелері және басқа да қызметтік ақпараты бар. Дестелер түрлері мен оларды басқаратын бағдарлама – дестелер менджеріне қатысты Линукс әлемінде дистрибутивтердің екі үлкен тобы – Deb және Rpm қолданатындар. Және саны аз басқалар. Олардың ішінде дестелердің өздік түрлерін және дестелерді мүлдем қолданбайтын дистрибутивтер, оларға кейін тоқталып өтеміз.
Long live Firefox!
31 Август
Ювижнде браузердің қазақша аудармасы жөнінде алғашқы пост жазғанымнан он ай өтті. Өкінішті-ақ, көмек ұсынғандар мүлдем жоқ. Көбінесе, мұның керегі не, уахаха, сол сияқты каменттер орын алды. Оған қарамастан, жұмысты біз бітірдік. Енді оны қолданатындардың санын білу керек еді, сауалнама түрінде жүргізсек. Ювижнге енді барғым де келмейді, неадекваттар қаптап кетті. Сауалнаманы жүргізуге кімнің мүмкіндігі болса, сол жүргізсің, мен пас.
Айтпақшы, juev.ru айтқандай, осы браузердің оның (тек) тегін және ашықтығы үшін емес, оның көп мүмкіндіктері үшін ұнатамыз. Хром мен ИЕ оның қасында да жатпаған ғой;)
Chromium – quick review
22 Июль
Google шығарған Chrome браузері негізінде жасалып жатқан кодтары ашық Chromium жобасы бар – иә, ол да браузер! Википедияға сенетін болсақ, керісінше, Chromium бірінші. Ол жағын википедияны жақсы білетіндерге қалдырайық, қалай болса да, брузердің екеуі де тегін таратылады. Олардың негізінде WebKit жатқан соң, ол ерекше жылдам жұмыс жасайды. WebKit-тің негізінде тағы да Apple-дың MacOS жүйесіндегі Safari браузері де бар, сол үшін WebKit-ті дамытуға Apple қосқан үлесі аз емес. Google Chrome тұрақты нұсқасы 2-ге жеткенімен, ашық жобаның қалып күйі әлі тұрақсыз 3-ке жетті, тіпті, альфа нұсқасы. Бүгінгі күнге ең соңғы нұсқасын жүктеп алып, қарастыруға дайынмын. Алынған жері – міне осы, Archlinux-ты қолданатын болсаңыз, бәрі де ойдағыдай іске асырылады. Скриншоттардың барлығы Megaline желісінде, траффик үшін қобалжымаңыз. Ал, кеттік!
xfce аудармасы туралы бір-екі сөз
21 Июль
Осы іске кірісу алдында оның көлемі туралы қателестім екен, ойлағанымнан бірнеше есе көп болып шықты. Сонымен қатар, бір адамға оны бітіруге ұза-а-ақ уақыт кететін сияқты, көмекшілерді іздеу керек болып тұр. Өзім болсам, тура жаңа жылға дейін созатын сияқтымын. Жағдай сол. Шамамен тағы екі мыңдай мәтін бар аударылмаған. Ол былай тұрсын, сөздер жеткіліксіз ғой! Қайта-қайта осы мәселеге келіп тірелетін болдым. Ойлауға мен сынауға көп уақыт кетіремін. Сынау дегенім, жартылай аударылғанды жүйедегі керек бумаға салып, одан жүйемен оқылғандай. Жүйеден шығу мен қайта кіру керек болады. Одан кейін қолданбалар осы аударуды көріп, іліп алып кетеді. Жақында уақытым болған кезде бірнеше скриншоттарды осында қоямын, қызық болса.
Кеше shared-mime-info аудармасын бітіріп, багрепортты жазып жібердім, енді күтудемін. Ол деген – файлдардың түрлері туралы ақпаратты сақтайтын нәрсе. Яғни, файлдардың кеңейтулердің мен түрлерінің сәйкестігін анықтайды. .doc болса, ол Microsoft Word-тың құжаты деп қайтарады. Байланыста болыңыз, скриншоттар күтілуде!
Transmission қазақша!
17 Июль
Ubuntu-дың құрамында келетін Transmission торрент қолданбасы енді қазақ тілінде де бар – кеше ғана аударманың қазақ нұсқасын өндірушілер ресми қабылдады.
XFCE жұмыс үстел ортасы үшін аударма жұмыстарының алғашқы нәтижесі – Xfburn дисктерді жазу қолданбасының қазақша нұсқасы енді бар! Initial commit.
XFCE – бұл өте жеңіл және жылдам орта. Орнатып, шұқып көріңіз. Оның қасында КДЕ мен Гном монстрлар ғой;) Негізі, маған ұнайтыны – сөздердің аздығы емес, олардың сапасы мен санының үйлесімділігі. Бірақ, аударылмаған бөліктері көзге түспес үшін кем дегенде тағы да бір-екі мыңдай фразаларды аудару керек. Ол қанша уақытымды алатыны білмеймін, ұзаққа созылатын сияқты. Көмек іздеуді бұрын-ақ тастадым, nobody cares.
Солай! Көңіл-күйді түсірмейтін түріне келгенде XFCE туралы тағы жазармын.

Последние комментарии