chromium - about window

Google шығарған Chrome браузері негізінде жасалып жатқан кодтары ашық Chromium жобасы бар – иә, ол да браузер! Википедияға сенетін болсақ, керісінше, Chromium бірінші. Ол жағын википедияны жақсы білетіндерге қалдырайық, қалай болса да, брузердің екеуі де тегін таратылады. Олардың негізінде WebKit жатқан соң, ол ерекше жылдам жұмыс жасайды. WebKit-тің негізінде тағы да Apple-дың MacOS жүйесіндегі  Safari браузері де бар, сол үшін WebKit-ті дамытуға Apple қосқан үлесі аз емес. Google Chrome тұрақты нұсқасы 2-ге жеткенімен, ашық жобаның қалып күйі әлі тұрақсыз 3-ке жетті, тіпті, альфа нұсқасы. Бүгінгі күнге ең соңғы нұсқасын жүктеп алып, қарастыруға дайынмын. Алынған жері – міне осы, Archlinux-ты қолданатын болсаңыз, бәрі де ойдағыдай іске асырылады. Скриншоттардың барлығы Megaline желісінде, траффик үшін қобалжымаңыз. Ал, кеттік!

Читать дальше »