ArchLinux дегеніміз не?

Arch Linux - бұл тәуелсіз, i686/x86-64 қоғамдастықпен өндірілетін дистрибутив, rolling-release өндіру түріне негізделген (үздіксіз жаңартылу), тәжірибелі GNU/Linux пайдаланушыларға арналған, үлкен репозиторийларды, дестелерді басқарудың ыңғайлы жүйесін және ports ұқсас дестелерді жинау жүйесін ұсынады. Өндіру минимал, элегант, кодтары әдепті және замаңға сай болуды талаптарын өз алдына қояды. Дистрибутивтың бірінші нұсқасы, 0.1 (Homer) 2002 жылдың 11 наурызында шықты.

Артықшылықтары

Arch жылдам, жеңіл, икемді және қарапайым. Arch i686 және x86-64 үшін арналған, ол деген, сіз өз процессорыңыздың мүмкіндіктерін толық қолдана аласыз. Red Hat және оған ұқсастармен салыстырғанда, Arch өте жеңіл, ал оның қарапайымдылығы оны керек түріне дейін кеңейтіп, керек жүйеңізді алуға болады.

Дестелерді басқарудың бірегей менеджері

Бинарлы дестелердің pacman жүйесі қолдануда жеңіл, бүкіл жүйеңізді жаңарту үшін бір-аз команда керек. Оған қоса, Arch ports жүйесіне ұқсас дестелерді жинау жүйесін (Arch Build System) қолдануға мүмкіндік береді, ол да бір командамен синхрондалады. Орнатылған жүйеңізді деп бір-ақ командамен қайта жинай (жасай) аласыз. Барлық әрекеттері жеңіл де, пайдаланушыдан жасырылмаған.

Ең жақсысын қолдану

Arch Linux бағдарламалық қамтаманың ең соңғы нұсқаларын ұсынуға тырысады. Қазіргі кезде біз шектеулі жүйелік дестелерге және саны тез өсетін, экстра дестелердің Arch Linux өндірушілері мен пайдаланушылары жасаған жинағына қолдау көрсетеміз.

Ең бастысы - қарапайымдылық

Қарапайым және жеңіл болу мақсатымызға жету үшін, біз жүйеден Linux-тың пайдасы төмендеу бөлігін, /usr/doc және info парақтарын алып тастадық. Man парақтары болса, жеткілікті. Ал, жергілікті орнатылған құжаттама керек болса, ол бөлек дестелердің ішінде бар.

Заманға сай мүмкіндіктері

Arch Linux, Linux-тың құрамында бар жетістіктердің барлығын қолдануға тырысады, яғни, файлдық жүйелер (Ext2/3/4, Reiser, XFS, JFS және т.с.с.), LVM2/EVMS, software RAID, udev және т.б.

Қосымша ақпарат
Arch Linux басты парағы, форумдары, ресми құжаттамасы бар. Көбірек білгіңіз келсе, Arch жолы құжатын оқыңыз.


Опубликовано

24 June 2009

blog comments powered by Disqus