1993 жылдан бастап TOP500 ұйымы әлемдегі ең күшті суперкомпьютердің рейтингтерін жасап отырады, нәтижелері жылына екі рет, маусым мен қараша айларында жарияланады. 24 маусым 2009 Германияда ашылған халықаралық International Supercomputer Conference конференциясында TOP500-дің жаңа тізімі жарияланды. 2009 жылдың маусым айына сәйкес ең күштісі - Roadrunner, оны IBM жасаған, қазір ол Los Alamos (АҚШ) ұлттық зертханасында орналасады. Оның бағасы $133 млн, және де 1 петафлоптан ол бірінші болып асқан (Петафлоп - уақытына қанша операция өндей алатынын көрсететін шама, бұл жерде ол ӨТЕ үлкен мәні). Roadrunner архитектурасы басқалардан өзгеше, құрамында 12960 IBM PowerXCell 8i және 6480 AMD Opteron процессорлар бірігіп жұмыс жасайды. Операциялық жүйе ретінде Red Hat Enterprise Linux және Fedora қолданылады.

Екінші орынды 2008 жылы Oak Ridge ұлттық зертханасында орналастырылған Cray XT5 Jaguar алып отыр, оның өнімділігі 1,059 Петафлоп/с. Ал, Германияның FZJ ғылыми-зерттеу институтында орналасқан IBM BlueGene/P жүйесі, JUGENE деп те аталады, өнімділігі 825,5 Терафлоп/с үшінші орында. Бірінді орындардағы он суперкомпьютердің жартысын IBM компанисы жасаған болатын.

Тағы бір қызық жағы, операциялық жүйелердің алатын орындары. TOP500-ге кірген жүйелердің 443-і Linux-тың әр түрлі нұсқаларымен жұмыс істейді (88,60 %). Unix-пен 22 жүйе(4.40 %) басқарылады. Одан кейін Windows HPC 2008 - 5 жүйе (1 %), 1 суперкомпьютер BSD-тектес операциялық жүйесімен басқарылады (0,2 %). Қалған 29 жүйеде (5,80 %) аралас операциялық жүйелер қолданылады.

жаналықтың түпнұсқасы

Блогун - монетизируем блоги


Опубликовано

26 June 2009

blog comments powered by Disqus