Chromium - quick review
Google шығарған Chrome браузері негізінде жасалып жатқан кодтары ашық Chromium жобасы бар - иә, ол да браузер! Википедияға сенетін болсақ, керісінше, Chromium бірінші. Ол жағын википедияны жақсы білетіндерге қалдырайық, қалай болса да, брузердің екеуі де тегін таратылады. Олардың негізінде WebKit жатқан соң, ол ерекше жылдам жұмыс жасайды. WebKit-тің негізінде тағы да Apple-дың MacOS жүйесіндегі Safari браузері де бар, сол үшін WebKit-ті дамытуға Apple қосқан үлесі аз емес. Google Chrome тұрақты нұсқасы 2-ге жеткенімен, ашық жобаның қалып күйі әлі тұрақсыз 3-ке жетті, тіпті, альфа нұсқасы. Бүгінгі күнге ең соңғы нұсқасын жүктеп алып, қарастыруға дайынмын. Алынған жері - міне осы, Archlinux-ты қолданатын болсаңыз, бәрі де ойдағыдай іске асырылады. Скриншоттардың барлығы Megaline желісінде, траффик үшін қобалжымаңыз. Ал, кеттік!
http://acid3.acidtests.org/ тестілерін қолданатын болсақ, Chromium тұрақты 99-100 пайызды алып отырады, Firefox 3.5.1 болса, 93-94.
Негізі, ондай пайыздар үшін төбелес кәдімгі пайдаланушы үшін (мен) ешқандай керек ақпаратты бермейді, мен үшін болса, тек браузердің мүмкіндіктері мен қолдану ыңғайлылығы бірінші орында. Ал сіз үшін ше?
Chromium бірінші рет қосылған кезде, екі бетті ашады, суретке шертуге болады
Кім алғашқы ойлап тапқанын білмеймін, бірақ осында да жылдам өту терезесі бар, Opera-дағы сияқты.
Осы нұсқасы әлі өнделу үстінде, сол үшін мүмкіндіктердің кейбіреулері әлі іске асырылмаған.
Соңғы нұсқалары құрамындағы темадан басқа енді GTK+ темаларын да қолдана алады - мен үшін ол Clearlooks flat Compact, терезелер қоршауы - Murrine.
Байқауымша, бұл браузердің ең жағымды жағы - оның жылдамдығы. Бірақ, парақтар тегіс емес, қиын айналдырылады (скролл). Flash плагині ренжіген сияқты, істеген жоқ, kiwi.kz-ті әзірше қарауға болмайды :(. Оған қоса, өзіңіз білетіндей, Linux-та Flash плагині кем дегенде процессордың 50 пайызын алып отырады - рахмет саған, Adobe! Осының бәрі жөнделеді ғой, шешілмейтін мәселе емес. Firefox-тың шексіз мүмкіндіктері -оның кеңейтулерінде, Chrome/Chromium парасы кеңейтулерге қолдау көрсете бастаған кезде, мықты нұсқаға айналады.
Мен болсам, міндетті түрде Mozilla Firefox-ты таңдаймын. Ммм... оны аударғанға үлесімді қостым ғой. Аз ба? Мен үшін жеткілікті.
P.S.: Скриншоттарда батырмалар жазулары қазақша - ол аударылу үстіндегі GTK интерфейстен алынған. Жақында шығатын Ubuntu LFK Edition-да болады.
P.S.S.: Каким-то непонятным образом этот пост попал на Runix.org, хотя не должен был - у него не было нужного тега.