resurtm-мен джаббердегі сөйлесуді жалғастыра отырып, жаңа ойлап табылған терминдердің барлығы да жаман емес деп айтқым келеді, әсіресе осы посттың тақырыбына шығарылған біреу.

Ғаламтор - World Wide Web (Всемирная сеть) деген сөз тіркестерінің тура аудармасы болып келсе де, өте орынды аударма екен. Осы сөзбен Интернет сөзін ауыстыру керек емес, Интернет мен Ғаламтор сөздері - тек қана синонимдер. Және өте жақсы синонимдер.

Үлгі ретінде келтірілетін тінтуір мен қолтырауын сөздеріне бұл қатысты емес.


Опубликовано

29 December 2012

blog comments powered by Disqus