Первый на казахском
Archlinux - полезные ссылки
Главный сайт
Главная страница вики
Beginners Guide
А вот есть начало руководства для начинающих на казахском :)
Журнал Hatred'a
Русскоязычное сообщество Arch Linux
Pacman - пара скриншотов
Поверьте мне, в казахском языке хватает терминов!
Pacman - простой в освоении и удобный в использовании менеджер пакетов, разработанный изначально для ArchLinux. Последняя версия вышла в январе. В следующей ожидается включение казахской локализации. Она уже есть в дереве исходных кодов, если же Вам нужны файлы перевода - я опишу, как их получить.
Чтобы не занимать скриншотами главную страницу, прошу под кат:)
Firefox 3.5 Release Candidate вышел!
УРА!!! Теперь он есть и на казахcком!
Скачайте 3.5 бета 4 и обновитесь!
P.S.: Картинка кликабельна :)
Archlinux
Этот дистрибутив нравится мне все больше и больше. Действительно придерживается принципа KISS - "Keep It Simple, Stupid". Все просто настраивается, и при том даже новичок разберется, что к чему - при условии, что он знает магические кнопки выхода из редактора vi, есть еще и nano конечно, но использовать его как-то не TRUE. Что мы имеем?
1. Система непрерывного обновления, т.н. rolling release model, то есть пакеты ПО добавляются сразу после выхода их от авторов (конечно, вначале собранный пакет попадает в репозиторий тестинг).
2. Сборка пакетов происходит прозрачно, то есть вы можете взять любой пакет, скачать исходники и закомпилить под себя. Правила сборки пакетов и утилита для этого дела (makepkg), тоже очень простые. Для каждого пакета есть PKGBUILD файл, в котором описано название, зависимости, откуда брать исходники, как патчить, контрольные суммы и вся необходимая информация. Вы вводите одну команду - и вуаля! Пакет у вас в руках на компе.
3. Менеджер пакетов pacman, простой в освоении, и притом довольно-таки многофункциональный. Есть и на казахском.
4. "Для полного счастья", скоро будет Arch Official Install Guide на казахском языке.
5. Скоро здесь будут скриншоты ;)
Tar exclude subdir's | исключить субкаталоги при архивировании
На заметку:
Чтобы иметь возможность исключения некоторых типов файлов (по имени), есть опция
--exclude
Формат --exclude='*.avi', --exclude "FILE"
Примеры:
Сожмем каталог /media/folder
, исключив из архива внутренний каталог folder/movies
cd /media
tar cf folder.tar --exclude "movies" folder
Также не забываем про маски файлов!
UPD: в man-e написано просто --exclude FILE
, немного подумал, и вспомнил, что в Linux-e всё - файлы :) Даже директории - это такие файлы, в которых другие файлы
Mplayer не работает с фреймбуффером - проблема KMS?
Дистрибутив - ArchLinux 32-bit.
Video - Intel 945 GME
После перехода на использование KMS, читайте как сделать это у hatred, MPlayer перестал вопроизводить видео в консоли. Ругается на неправильное устройство вывода или видеофильтр.
Спросил на форуме Арча - пока получил только один ответ. Жду совета.
Файлдық жүйелерге кіріспе. FAT және NTFS.
Дербес компьютерде ақпаратты сақтаудың негізгі түрлері қатты дисктер, компакт дисктер (CD) және ескірген түрі – дискеттер. Осы түрдегі ақпаратты тасушылар, оларға жазу және олардан ақпаратты оқу тәсілдері әр түрлі, сондықтан, олардағы ақпараттың сақталу түрлері әр түрлі болады. Файлдардың осы тасушыларда қалай сақталатынын білу үшін файлдық жүйелердің негіздеріне тоқталып өтсек. Ең алдымен, терминологиямен танысайық. Ал, бастаймыз!
Келесі жолы Linux-та қолданылатын файлдық жүйелер туралы мақала болады, қалып қалмаңыздар!
Файлдық жүйе – тасушылардағы ақпараттың орналасуының ортақ, алдын-ала анықталған ережелер жинағы.
Файл – ортақ логикалық мәні мен атауы бар қатты дискідегі аймақ.
Файл аты – файл қасиеттерінің біреуі, файлға тура сілтеп тұрады.
Кластер – ақпаратты сақтауда қолданылатын дискреттік дискілік аймақтардың жиыны.
Сектор – дискілік аймақтың негізгі логикалық бірлігі.
Байт – дискілік аймақтың негізгі физикалық бірлігі.
Енді ақпаратты тасушылардың құрылысын қарастырайық.
Дискета. Ол – магниттік қасиеттері бар жолақ, уақыт өте өзінің магниттік қасиеттерін сақтап, осы қасиеті үшін ақпарат сақтауда қолданылады. Магниттік қасиеттерін жеңіл өзгертетін соң, дискета өте сенімсіз тасушы, және қазіргі кезде қолданудан шыққан.
Компакт–дискі. Ол – оптикалық қасиеттеріне негізделіп ақпаратты сақтайды. Оқу кезінде құрамындағы мөлдір заттың шағылуы әр түрлі аймақтарды орналастыруға негізделген. Ақпарат сәулелерді шағылыстыратын және жұтатын аймақтардың жиынымен кодталады.
Қатты диск. Алдыңғы екі қарастырылған құрылғы ақпаратты оқу не жазу үшін қосымша құрылғыларды талап етсе, қатты диск үшін ондай құрылғылар оның ішінде орналасады. Магниттік әсерге негізделген, осында металдан жасалған пластиналар ақпаратты сақтаушы ролін атқарады.
Ақпаратты тасушылардың құрылыстары әр түрлі болған соң, оларға жазу мен оқу да әр түрлі ережелермен басқарылады, яғни, әр түрлі файлдық жүйелер қолданылады. Осы ретте Windows үшін осындай екі файлдық жүйеге тоқталамыз.
FAT (File Allocation Table) – 9х–ұқсас Windows және DOS-жүйелерінде қолданылған ФС. Тарихи жағынан ең ерте пайда болған біреуі. Артықшылығы – аппараттық талаптары аз, сол үшін қазіргі кезде тұрмыстық техникада қолданылады. Файлдық жүйенің құрылысы жай болып келеді. Диск басында файлдардың орналасу кестесі бар, ол – арнайы аймақ, дискідегі қай файлдың физикалық жағынан қайда орналасқанын көрсетеді. Егер файл ұзындығы бірнеше сектор болса, онда әр сектордың соңында келесі секторға сілтеме орналасады. Ақпарат блоктары дискіде кез–келген тәртіппен орналасуы мүмкін.
NTFS (NT File System) – файлдарды сақтаудың мүлдем басқаша жүйесі. FAT–пен бір уақытта пайда болса да, ол кезде аппараттық талаптары үлкен еді. NTFS құрылысы жағынан дерекқорға ұқсас болып келеді. Файлдың қасиеттерінің саны шексіз болуы мүмкін. Осы қасиеттерді басқаша ағымдар (streams) деп атайды. Ағымдар өзара байланыспаған да болады. Файлда пайдаланушы үшін көрінетін ақпарат жоқ болса да, ағымдарда ақпарат сақталады, сол үшін файл кез–келген өлшемге ие болуы мүмкін. Сонымен қатар, NTFS жүйесінде дисктің аймақтары емес, метафайл деген ұғым бар.
Осы екі файлдық жүйені салыстыру үшін кестеге назар аударыңыз:
Қасиеті | FAT32 | NTFS |
Максималды диск өлшемі | 8 Тб | Теорияда шексіз |
Максималды файл өлшемі | 4 Гб | Шектелмеген |
Журналирование | Жоқ | Бар |
Шифрлеу | Жоқ | Бар |
Тұрақтылығы | Төмен | Жоғары |
Файл рұқсаттары | Жоқ | Бар |
Осы екі файлдық жүйе Microsoft корпорациясының иелігі болып табылады.
Қатты дискідегі орын мен бөлімдердің нөмірленуі жөнінде (теория). Суреті бар!
Қош келдіңіздер, осы мақалада кішкене болса да, теорияны оқимыз. Қарапайым жағдайды қарастырамыз. Дайын болсаңыз, кірісеміз. Терминдердің кейбіреулері қызық естілсе, кешіріңіз, басқасы жоқ.
Қатты дискілердің бөлімдері келесі түрлері болады: біріншілік, кеңейтілген және логикалық. Жүз рет естігенше, бір көргені артық дейді ғой, осыны дұрыс деп санаймын. Түсінікті болу үшін, қатты дискідегі орынды жалпақ түрінде қарастырамыз:
Қатты диск бөлімдері
Windows-та: C: D: E: бос орын
Linux-та: sda1 sda5 sda6 бос орын
Ал, енді түсіндірмелер!
Біріншілік -ол дискіден тура кесіп алынған сияқты, үздіксіз орын. Бір қатты дискіде болатын біріншілік бөлімдердің саны – 4. Неге аз екенін айта алмаймын. Осындай шектеу бөгет болмас үшін, келесі бөлім түрі, яғни
Кеңейтілген бөлім ойлап табылды, Ол да тура біріншілік сияқты, айырмашылығы – кеңейтілген бөлімге ақпаратты тура жаза алмайсыз, оның ішінде
Логикалық бөлімдер болады. Бір дискіде кеңейтілген бөлім біреу-ақ болады. Логикалық бөлімдердің саны шектелмеген.
Шатаса бастадыңыз ба?
Windows пен Linux-тың басты айырмашылығын білесіз бе? Ол міне: Windows-та жүйедегі жолды көрсету үшін кері слеш таңбасы (\), ал Linux-та слеш (/) қолданылады.
Windows ОЖ орнатқан кезде, сіздің С дискіңіз әрқашан біріншілік бөлім болады. Әрі қарай бөлімдерді жасаймын десеңіз, олар логикалық түрінде жасалады (төрт бөліммен шектелмеу үшін).
Unix-тектес операциялық жүйелерде (мен осы сөз тіркесі үшін кешіріңіз, басқасын таба алмадым) дисктер мен олардың бөлімдердің белгіленуі ерекше. Осындағы файлдық жүйенің түбірі бар (ағаштың тамыры сияқты), ол / деп белгіленеді. Басқа дисктер (нақтырақ айтсақ, бөлімдері) осы ағаштың белгілі бір жеріне жалғанады, яғни тіркеледі дейміз. Жүйеде бар дискі тіркелуі шарт емес, тіркелмеген түрінде де болады, оны кейінірек көрсетемін. Бірақта дискке жазу үшін оның тіркелуі шарт.
Linux-та болса, қатты диск sdX түрінде белгіленеді, бұл жердегі X – реттік алфавит әрібі. Біріші диск sda, екінші sdb, т.с.с. Диск бөлімдері сәйкесінше сандармен белгіленеді, яғни, sda дискінің бірінші бөлімі sda1 деп, т.с.с. Бірінші төрт сан біріншілік бөлімдер үшін алынып қойылған, сол үшін бірінші логикалық бөліміңіз sda5 деген атына ие болады, яғни ол барлық мүмкін біріншілік бөлімдерден КЕЙІН тұруы керек деген сөз ғой, дискте біріншілік бөлімдердің саны біреу болса да! Осыны есіңізде сақтаңыз.
Linux-та барлық нәрсе файл ретінде қарастырылған соң, ол файлдың жүйеде белгілі бір орны болады. Нақты айтсақ, барлық құрылғылар /dev бумасында орналасуы керек. Сол кезде бірінші қатты диск /dev/sda деп, ал оның бірінші бөлімі /dev/sda1 деп белгіленеді. CD-ROM құрылғыңыз /dev/cdrom, ал бірінші желілік құрылғысы /dev/eth0 болады. Байқайсыз ба, бәрі де оп-оңай екен.
Егер сіздің Linux жүйеңіз /dev/sda1 бөлімінде орналасса, онда ол бөлім / ретінде тіркеледі.
Түбірлік / бумасында орналасқан бумаларға тоқталып өтсек,
/bin – ен негізгі бағдарламалар
/boot – оның ішінде ядро, жүктеуші мен оның баптау файлы жатады
/etc - жүйелік баптаулар
/home – пайдаланушылардың үй бумалары үшін орын (мысалы, /home/bolat)
/lib – жүйелік библиотекалар мен ядро модульдері
/media – осы бумаға көбінесе дисктер тіркеледі
/usr – бағдарламалар мен олардың мәліметтері
/var – ішінде лог және т.б. ақпарат сақталады
/tmp – уақытша бума, оған кез–келген пайдаланушы жаза алады
Тағы да ерекше бумалар бар, олар
/proc және /sys – осы бумаларда ядроның ағымдағы күйі туралы және үрдістердің ақпараттары сақталынады.
Келесі мақалада Файлдық Жүйелер жөнінде сөйлесеміз, қалып қалмаңыздар, ол өте қызық тақырып болады!
Pics.kz теперь и на казахском
У сервиса хранения изображений в Казахстане появилась и казахская версия - при моем скромном участии.
Жать на кнопку "Қазақша". Или пройдите по этой ссылке
Предложения и замечания приветствуются
Қазақ тіліндегі Mozilla Firefox браузері
Интернетке шолу үшін қандай браузерді қолданасыз? Өзім OpenSource бағдарламаларды тандаған соң, Mozilla Firefox браузерін қолдануға тырысамын. Оның артықшылықтары: ол тегін (шынымен де, ол еркін бағдарламалық қамтама қатарына жатады), жылдам (әсіресе, соңғы нұсқалары), мүмкіндіктері мол (кеңейтулерді қолдану арқылы шексіз арттыруға болады). Табылған ақаулықтар тез жөнделеді. Соңғы стандарттардың барлығын қолдайды. Және де ол браузер көптеген платформалар үшін бар. Windows, Linux, FreeBSD, MacOS, BeOS. Браузердің бастапқы кодтарын алуға болатын соң, оны кез-келген ОЖ үшін ыңғайлатып, іске қосуға болады (теория жүзінде). Кодтары ашық – сіз оларды қарап, ішінде шпиондық әрекеттерді орындайтын бөліктері жоқ екеніне оп-оңай көзіңізді жеткізе аласыз. Аз ба? Жақында шығатын Mozilla Firefox 3.5 нұсқасында құрастырушы пайда болады. Ол деген не? Өзіңіздің компанияңыз үшін браузерді ыңғайлатып, баптап, орнатудан кейін құрамында пайдалы кеңейтулер болатынындай енгізіп, жұмыс жасай аласыз. Мысалы, компанияңызда жүздеген компьютерлер болса, администратор жұмысын мың есе ыңғайлатады. Кеңейтулерге қоса браузердің темасын, логотиптерін де ауыстыруға болады.
Осындай браузерді қолдану Интернетте жұмыс жасаған кезде шпион, вирустар, трояндарды сіз білмей-ақ алу мүмкіндігі азаяды. Статистикаға жүгінетін болсақ, вирустардың көбі Интернеттен жұғады ғой. USB дисктер (флешкалар) екінші орында шығар, ол жағын нақты айта алмаймын. Ал, қазақша сөйлейтін болсаңыз, бұрын сізге басқа тілдегі браузерді қолдану керек еді. Өйткені, қазақ нұсқасы жоқ еді. Браузер тегін таралады. Ол үшін сізден ешкім бір тиын да сұрамайды. Бірақ, еркін таратылатын бағдарламалардың ерекшелігі сол – оларға ешқандай түрде кепілдеме берілмейді. Яғни, қолданам десеңіз, өзіңіз білесіз. Ол бағдарлама есебінен сізге зиян тисе, ешкім жауап бермейді. Түсінікті, осылай дұрыс қой. Ауа да бізге еркін және тегін беріледі. Ол үшін де ешкім ешқандай түрде жауап бермейді ғой. Соңғы кезде осы браузер мен қазақ тілдің арасы жақындай түсті деп айтсақ болады – браузердің қазақ тіліндегі нұсқасы пайда болды. Оны аударған – жұмыс жасаған біз, бірнеше адамбыз. Неге тегін жұмыс жасау керекпін, ондай сұрақ бізде болмады. Өйткені, қазақ тіліне аудару – ондай браузерді қолдану мүмкіндігі берілгені үшін біз жасай алатын ең аз төлем. Уақыты бойынша аудару бірнеше айға созылды. Терминдерді іздеу және мәтінді қазақ тілінің ерекшеліктеріне сәйкес қылу көп уақытымызды алды. Сонымен қатар, көмек көрсетем деушілерді іздедік, бірнеше адам бізге қосылды. Аудармашы болу міндетті емес қой, одан басқа да жұмыстар бар, бірақ негізгі – қазақ тіліне аудару ғой. Ал енді, уақыт өтті, осы жұмысты біз аяқтадық. Сынауға көмектескен барлық адамдарға ризамыз, рақмет айтамыз. Браузердің өзінен басқа жиі қолданылатын кеңейтулерды де (Adblock Plus, Noscript, Download Statusbar, Extended Statusbar, Flashgot) қазақшаға аудардық. Осы жұмыс аяқталғанымен, ол – тек ағымдағы жұмыс еді. Болашақта жаңа нұсқалар да шығады ғой, оларда жаңа сөздер пайда болады, оларды аударып, браузердің қазақ аудармасын белсенді түрінде ұстауға тырысамыз. Көмек көрсетем десеңіз, хабарласыңыз. Қателер жөнінде де хабарлауды ұмытпаңыз. Қолданам десеңіз, іске сәт! Қазір-ақ қазақ нұсқасын жүктеп алыңыз. Әзірше ол БЕТА нұсқасы.