Операциялық жүйелер ақпаратты дисктерде файлдық жүйелер көмегімен сақтайды. Әдеттегі файлдық жүйе бірінің ішіне бір салынған бумалардан тұрады(папка деген атуы де бар), олардың ішінде файлдар орналасады. Ең жоғарғы, басты бума, файлдық жүйенің түбірі деп аталады, оның ішінде қалған бумалар мен файлдардың барлығы орналасады (немесе одан файлдық жүйе өседі деп айтуға болады).

Егер қатты диск бөлімдерге бөлінген болса, онда әр бөлімде өзінің файлдық жүйесі және бумалар құрылысы болады (өйткені физикалық жағынан қарағанда әр түрлі диск бөлімдері бір- бірінен оқшауланған).

Linux- та түбірлік бума қысқа және нұсқа да - «/» деп белгіленеді. Барлық қалған бумалардың толық аттары (жолдары) «/» белгісі мен оған оң жағынан қосылған тізбектей бірінін ішіне бірі салынған бумалар аттарынан тұрады. Жолдағы бумалар да «/» («слэш») таңбасымен ажыратылады. Мысалы, /home жазбасы түбірлік бумада орналасқан («/») «home» бумасын анықтайды, ал /home/user - «user» бумасы «home» бумасында орналасқанын көрсетеді (ал ол, өз жағынан, түбірлік бумада орналасады). Осындай түрдегі жазба, бумалар тізбегінен тұратын және соңында файлмен аяқталатын, файлға дейінгі толық жол деп аталады.

Салыстырмалы жол толық жол сияқты да құрастырылады, бірақ айырмашылығы - «/» белгісімен ажыратылған файлға дейінгі бумалар ретін санауын ағымдағы бумадан бастайды, түбірлік бумадан емес. Linux толық пен салыстырмалы жолдарды оңай ажыратады: егер объект аты «/» белгісінен басталса – бұл толық жол, қалған жағдайларда – салыстырмалы.

Тіркеу

Linux-та түбірлік бума тек біреу болады, басқа бумалар оның ішіне салынған болып келеді, пайдаланушы үшін файлдық жүйе біртұтас нәрсе ретінде көрсетіледі. Шынында, файлдық жүйенің әр түрлі бөліктері әр түрлі құрылғыларда орналасуы мүмкін: қатты дискінің әр түрлі бөлімдерінде, түрлі алынатын тасымалдауыштарда (компакт дисктер, дискеттер, флэш-карталар), тіпті басқа компьютерлерде де орналасуы мүмкін (желі арқылы қатынас құрылады). Осындай барлығынан біртұтас жүйені құру үшін тіркеу әрекеті өткізіледі.

Тіркеу — бұл файлдық жүйенің бір бумасына басқа бөлек бүтін файлдық жүйені қосу әрекеті. Тіркеу үшін бос бума керек – ол тіркелу нүктесі деп аталады. Тіркелу нүктесі ролін кез-келген бос бума атқара алады – ол жағынан Linux-та ешқандай шектеулер жоқ. Mountкомандасының көмегімен біз (қазір бос болып тұрған) буманың ішінде осындай жерде орналасқан файлдық жүйені көрсету керек екенің бұйрық береміз. Осы әрекеттен кейін бума ішінде (тіркелу нүктесінде) сәйкес тіркелген файлдық жүйесінің файлдары мен бумалары көрсетіле бастайды. Нәтижесінде пайдаланушы ол файлдардың шынында қайда орналасқанын білмеуі де мүмкін.

Осылайша қосылған («тіркелген») файлдық жүйені кез-келген уақытта біз қайта алып тастай аламыз – тіркеуден босатамыз (ол үшін арнайы umount командасы бар), одан кейін тіркелу нүктесі ролін атқарған бума қайтадан бос болып қалады.

Linux үшін ең маңызды түбірлік файлдық жүйе (root filesystem) болып келеді. Басқа құрылғылардағы барлық файлдық жүйелер оған қосылады (тіркеледі). Назар аударыңыз, түбірлік буманың өзі де тіркеледі, бірақ басқа файлдық жүйеге емес, «Linux-тың өзіне», тіркелу нүктесінің ролін «/» атқарады (түбірлік бума). Сондықтан жүйе қосылған кезде түбірлік бума ең бірінші болып тіркеледі, ал жүйе сөндірілген кезде соңғы болып тіркеуден босатылады.

Әдетте пайдаланушыға файлдық жүйелерді қолмен тіркеуге керек емес: жүйе жүктелген кезде файлдық жүйенің бөліктері сақталатын барлық құрылғылар автоматты түрде тіркеледі, ал сөндірілген кезде тіркеуден босатылады. Алынатын тасымалдауыштардағы да файлдық жүйелер автоматты түрде тіркеледі, ол үшін арнайы қызметтер жауап береді, тіркелу құрылғы компьютерге салынған кезде не пайдаланушы керек бумаға өткен кезде іске асырылады.

Қалыпты (стандартты) бумалар

Linux-жүйесінің түбірлік бумасында әдетте аттары стандартты ішкі бумалар орналасады. Одан әрі, аттарына қоса, олардың құрамасының түрлері де стандартпен шектеледі. Бұл стандарт балық Linux-жүйелерінде сақталады, сол үшін сі
з әр Linux-та /etc, /home, /usr/bin т.с.с. тауып, олардағы құрамасының түрін көбінесе болжай аласыз. Файлдардың стандартты орналасуы адамғы және бағдарламаға жүйенің белгілі бір бөлігін қайдан іздеу керек екенін анықтауды мүмкін қылады. Пайдаланушы үшін осындай жағдай кез-келген Linux жүйесінде керек нәрсені таба алатынын көрсетеді.

Тіркеу параметрлері

Тіркеу әрекетін орындаған кезде, Linux-жүйесін орнату үшін тіркеу бумасын таңдау жағдайын қоса, тіркелген файлдық жүйенің қасиеттерін өзгертуге болады. Ол үшін mount утилитасына бір немесе бірнеше параметр көрсету керек. Барлық файлдық жүйелер қолдайтын бірнеше параметрлер бар, сонымен қатар кейбір файлдық жүйелерде тек өздеріне тән тіркеу параметрлері болады. Тіркеу параметрлері туралы көбірек mount утилитасының әдістемесінде оқуға болады (mount(8)).


Опубликовано

18 June 2009

blog comments powered by Disqus