Ubuntu-ды орнатқан кезде, ен жиі қойылатын сұрақ – дискімді қалай бөлуім керек?

Осы әдістеменің негізгі мақсаты, дискіні қалай бөлуге болатынын, және бөлім деген не екенін түсіндіру.

Көптеген компьютерлер және ноутбуктар алдын-ала орнатылған ОЖ-мен келетіні белгілі.

Мен сіздерге біріншілік және логикалық бөлімдер деген не екенін, олардың айырмашылықтарын түсіндірмеймін, тек кеңестерді беруге тырысамын. Ең алдымен, сіздерге түсіну керек, ол, дискіде жаңа бөлімді құру жаңа дискіні жасау сияқты. Иә, ол дәл сол дискіде орналасады, бірақ өздігінен, басқадан бөлек. Егер бір бөлімдегі ақпаратты өшірсеңіз, басқа бөлімдерге әсері болмайды. Салыстыратын болсақ, диск үлкен бөлме сияқты. Бір кезде сіз оның ортасынаң қабырғаны тұрғызып, нәтижесінде екі бөлмені алуды қаласаңыз, дискіңізбен де сол сияқты. Ол енді бір үлкен диск емес, бірақ құрамында екі бөлімі бар диск.

Жоғарыдағы суретте көрсетілген сияқты, көбінесе сізге осындай жағдайдан бастауға керек болады. Windows орнатылған бір ғана бөліміңіз бар, және ол бөлім бүкіл дискті алып тұр. Есіңізде сақтаңыз, дискідегі бөлім тек орынның қарай бөлінгенің көрсетеді. Мысалы, 1 6 0 Гб дискіңіздегі бір бөлім бар болса, ол бүкіл дискті алып тұр дейік. Сонда ондағы орнатылған Windows -тың көлемі, мысалы үшін, тек оннан бір бөлігін алуы мүмкін. Қалғаны – бос орын.

Бұл – егер сіз Ubuntu орнату бағдарламасына сіздің Windows бөліміңізді автоматты түрде көлемін өзгертуге және алынған бос орында Ubuntu бөлімін жасауға рұқсат етсеңіз, алатын нәтижеңіз. Алынған бос орын, әрине, диск көлеміне мен Windows бөлімінің өлшеміне байланысты болады. Бірақта, мен ондайға жол бермеймін, және әрқашан да өз қолмен бөлмелерді басқарамын. Бұл ең қарапайым жағдай болып табылады, бір Windows және бір Ubuntu бөлімі, және бір кішкентай swap бөлімі. Swap бөлімінің өлшемі, көбінесе жадының өлшеміне тең не екі есе үлкен болуы керек. Компьютеріңіздің жедел жадысы аяқталған кезде, ОЖ осы диск бөлімін ақпаратты сақтау үшін және көмпьютеріңізді «hibernate» режиміне жібергенде қолданылады.

Бұрын осындай түрдегі орнату кең таралған болатын, өйткені бұрын Ubuntu NTFS файлдық жүйесіне жаза алмаған, соңғы кезде ғана ондай мүмкіндік пайда болды. Сонда да, кейбір адамдар уақыт өте тексерілген және сенімді орнатудың осы түрін қолданады. Ортадағы көрсетілген бөлім екі ОЖ арасында файлдармен алмасу үшін жасалған. Сонымен қатар, Windows ОЖ Ubuntu бөлімдерін көрмейді.

Келесі сызбада алдыңғысының өзгертілген түрі көрсетілген. Айырмашылығы - /home бумаңыз бөлек бөлімде орналасады. Оның пайдасы неде деп сұрасаңыз, мінекей, түсіндірме. /home бумасы – ол Windows-тағы C:\Documents and Settings бумасы секілді. Оның ішінде сіздің барлық баптауларыңыз, көрінетін және жасырын файлдардың ішінде сақталған. Артықшылығы, егер сіз жүйені қайта орнатсаңыз, барлық баптауларыңыз сақталады! Есіңізде болса, Ubuntu әр 6 ай сайын жаңа нұсқасы шығады. Қайтадан орнатам десеңіз, пайдасын көресіз. Ал енді, FAT 32 файлдық жүйесі туралы айтатын болсақ, оның кемшіліктері бар. Файлмен бірге құқықтар туралы ақпарат сақталмайды, файл өлшемі 4 Гб аспауы керек. Ол файлдық жүйе ескірген, қазіргі кезде көбінесе тек USB карталар мен дисктерінде қолданылады. Қазір Ubuntu NTFS файлдық жүйесіне оп-оңай түрінде жаза және оқи алады, соны есіңізде сақтаңыз. Келесі сызбаға көшейік.

Егер сіз Windows бөлімін тек бірнеше керек бағдарламаны қосу үшін, не ойындарды ойнау үшін қолдансаңыз, осы түрдегі дискті бөлу сізге пайдалы болады. Айта кететін тағы ерекшеліктері, Ubuntu-дың бөлімдерін сіз неше түрлі әрекеттер жасай аласыз, оларды шифрлеуге де болады, ол туралы кейінгі бір мақалада жазармын.

Уақыт өте сіздің дисктеріңіз осындай түрге келетініне сенемін.

Есіңізге сала кетейін:

1)Windows үшін әдетте бөлім өлшемін жүйе үшін 10-15 Гб, және орнатылған бағдарламалардың өлшемдерінің сомасы ретінде есептеу керек.
2)Екі физикалық дискіңіз болса да, осы кеңестерді қолданыңыз.
3)Кейбір адамдар әр Ubuntu /usr, /home, /var бумалары үшін жеке бөлімдерді жасауға кеңес береді. Бастауыш Ubuntu пайдаланушысы үшін жоғарыдағы кеңестер көбінесе жеткілікті болады.
4)Егер бар болып тұрған бөлімінің өлшемін артырам десеңіз, орынды бөлімдерге тек соңынан ғана қосуға болатынын ұмытпаңыз.
5)Осы кеңестер барлық Windows отбасының ОЖ үшін, және басқа да Linux дистрибутивтері үшін жарамды.
6)Көбінесе Windows пайдаланушылары Partition Magic деген бағдарламаны дисктермен әрекеттер жасауға пайдаланады. Сізге QTParted немесе GParted бағдарламаларын қолдануға ұсынамын.

Осы мақаладағы барлық Ubuntu сөзінің орнына кез-келген өзіңізге лайық Linux дистрибутивінің атын қоюға болады. Бәрі де өз қолыңызда.

Осы әдістеменің PDF нұсқасы керек болса, оны осы форумнан алуға болады


Опубликовано

14 June 2009

blog comments powered by Disqus