Көп адамнан осы сұрақты талай рет естігенмін. Қайта-қайта түсіндірмеу үшін, бір рет толық айтып шығайын ағымдағы аударманың жағдайын. Біріншіден, бұрын осы сұраққа ешкім көңілді бөлмеген, қазір де Линуксты қолданатын адамдар Қазақстанда аз, аудармаларға өздерінің уақыттарын бөлуге дайын адамдардың саны тіпті одан да аз, нөлге ұмтылады деп айтуға болады. Сонымен, Ubuntu Gnome жұмыс үстелінің ортасына негізделген, және қосымша қолданбалары бар. Қосымша дегенім, бұл жерде браузер, кеңселік редактор, графикалық редакторды айтамын, олар Гном жобасының құрама бөлігі емес, жеке жобалар.

Жалғасын "Читать далее" басу арқылы көре аласыз

Ал, қараңыз, Gnome-ның қандай бөлігі ғана аударылған, 1-ақ пайыз! Оған қоса, Linux Ubuntu Gnome дестелерінің аудармаларына көптеген өзгерістерді енгізеді, мысалы, қарсы алу және жүйеге кіру экраны Gnome-да 300 фраза, ал Linux Ubuntu-дың нұсқасында 900!
Қазір мен Gnome үшін тек үш(!) бағдарламаны аударып болдым, әрі қарай істеуге қызығым жоқ, біріншіден, мен Gnome мен Ubuntu-ды қолданбаймын, екіншіден, қанша көмек іздесек те, нәтижесі жоқ.
Браузерді мен(біз) аудардық, өйткені ол кроссжүйелік бағдарлама, Windows-та да қолданамыз. OpenOffice алатын болсақ, оның аударасының жартысынан үлкен бөлігі ескірген, Инфра-ресурс қалай болса солай түрінде қазақша нұсқасын шығарады, көргенде, жылағым келді. Басты мәзірдің өзі де аударылмаған ғой! Оған қоса, осы офистің аудармасы тіпті қызық, РО-файлдарда емес, өзінше нұсқасын шығарған. Аударылмаған бөлігі қазір жартысынан асқан шығар, нақты санын айта алмаймын, болжап айтсақ, 10000-15000 фраза көлемінде болуы керек.


Міне, жағдай осы. Қисық жазу үшін кешіріңіз, асыққан едім.


Опубликовано

23 June 2009

blog comments powered by Disqus