Linux әдістемелері туралы - олар керек пе?
Блогты бастаған бері, Линуксты қолдану жөнінде толық әдістемені жасау ойым болған, қазір басқаша ойлап отырмын. Көбінесе адамдар Убунтуды бірінші дистрибутив ретінде қолданады, бірақта онда тұрған қиын ешнәрсе жоқ, Гуглдан іздесеңіз, неше түрлі, неше тілдегі әдістемелерін табасыз. Оларды аударуға өзім үшін пайдасын көрмеймін, сапасы аз аударма болатын шығар. Линукс тарихын қараған едім, википедияда барлығы де толығымен жазылған. Өзімді қызықтырмайтын жұмысты істеуге қа-а-а-ты-ы-ы ұнатпаймын. Сөйтіп, әлі ойланудамын. "Убунтудың үлкен кітабы" биыл шықпайтын сияқты ;).
Опубликовано
29 June 2009