Барлықтарына сәлем, бүгін назарларыңызға пайдалы бір бағдарламаны ұсынамын. Шыны керек, адамдардың көбі жаңа компьютер алғанда, не істейді - өздерінің үйренген бағдарламаларды орнатады. Студент кезімде бір таныс бала болған да, өз достарының арасында компьютер жағынан ен білгіш болған еді, сол үшін оның жұмыстары көп болған - достары көп, компьютермен мәселелер де жиі болады. "Қарап берші" деп келетін. Әлгі бала жоқ дей алмай, әрқашан да көмектесетін. Қызығы, операциялық жүйені орнатып, бірінші бағдарлама ретінде Winamp-ты орнататын. Сонда досы прикол ұстап, әй, сен қашан болса да бірінші Winamp-ты орнатасын, меломансың ғой деп айтқанда, біздің бала "Жоқ, бірінші боп звуковая картаның драйверін орнатамын" деп жауап берген.
Адамдар өздерінің үйреніп қалған бағдарламаларын әрқашан да қолданады, біреуі Qip-ті, басқасы Miranda, үшіншіге тіпті мэйл агенттің құрамындағы ICQ клиенті де жеткілікті. Ал, Winamp-қа қайта оралайық. Есіңізде болса, оның алғашқы нұсқалары 90-шы жылдары пайда болған. Өзінің негізгі мақсатын - музыканы ойнатуды жақсы атқарған. Winamp Classic сыртқы түрін де көрген шығарсыздар. Ол Winamp 2 нұсқасы болған. Кейін, 3 пен 4 нұсқаларын аттап өтіп, өндірушілері оның 5-ші нұсқасын шығарған. Ол кезде Winamp-ты американ AOL компаниясы сатып алып, оның құрамына керек те, керек емес те нәрселерге толтырып жіберді. Мысалы, бір кезде осы плейердің ішінді жарнаманы де көрсетпекші болған! Бірақ, кейін ол ойдан тайыған, ол слишком болатын еді. (Айтпақшы, AOL компаниясы ICQ протокол мен компаниясының да иесі, көріп тұрсыз ба, одан не шыққанын). Ал, кіріспесі ұзарып кетіпті, негізгі бөліміне кірісейік!

Рұқсат етсеңіз, назарларыңызға Qmmp бағдарламасын ұсынамын. Ол - еркін бағдарлама, яғни, оны ешкім тартып ала алмайды, және де ол өзінің негізгі мақсатын жақсы атқарады. Аудио файлдардың барлық түрлерін оқиды, оған қоса Linux медиаплейеплердің арасында сирек кездесетін CUE файлдар пішімін де оқиды. CUE дегеніміз, үлкен бір mp3 не басқа дыбыс файлдың ішкі құрамасын көрсететін кішкене ғана мәтіндік файлы. Бүтін, көлмемі үлкен файлды ойнату ыңғайсыз, қай трек қай уақытта басталатынын, тіпті трек аттарын де біле алмайсыз. Ал, ондай үлкен дыбыс файлға CUE файлы бар болса, қандай жақсы, CUE файлдарды қолдайтын плейер өзінің плейтізімінде оны бірнеше тректер тізімі ретінде көрсетеді. Тректерді орындармен ауыстырып, әрқайсысымен ол жеке файл сияқты жұмыс істеуге болады (плейлист ішінде, әрине). Ол бағдарлама кең таралған Linux дистрибутивтерінің әрқайсысы үшін бар. Мысалы, менің ArchLinux-ым үшін, Ubuntu, Debian, Mandriva үшін жиналған дестелер бар. Ал, сіздің линуксыңыз үшін жоқ болса, ол мәселе емес, бұл еркін бағдарламалық қамтама ғой, бастапқы кодтарын компиляциялау арқылы өзіңізге ол бағдарламаны жасай аласыз. Қалай жасайтынын білмесеңіз, онда сізге Ubuntu-ды қолдануға тура келеді. :)

Бірнеше скриншоттарды дайындап қойдым:

Скиндары ауыстырылады, Winamp 2 скиндары келе береді, оларды алатын орны

Pics.kz-тан сурет

Қаралау келген бір скин
Pics.kz-тан сурет

Баптаулар терезесі
Pics.kz-тан сурет

Айта кететінім, бұл бағдарлама әлі өндірілу үрдісі үстінде, глюктары болуы мүмкін. Ондай шықса, ешкімге ренжімеңіз :)


Опубликовано

29 June 2009

blog comments powered by Disqus