Transmission қазақша!
Ubuntu-дың құрамында келетін Transmission торрент қолданбасы енді қазақ тілінде де бар - кеше ғана аударманың қазақ нұсқасын өндірушілер ресми қабылдады.
XFCE жұмыс үстел ортасы үшін аударма жұмыстарының алғашқы нәтижесі - Xfburn дисктерді жазу қолданбасының қазақша нұсқасы енді бар! Initial commit.
XFCE - бұл өте жеңіл және жылдам орта. Орнатып, шұқып көріңіз. Оның қасында КДЕ мен Гном монстрлар ғой;) Негізі, маған ұнайтыны - сөздердің аздығы емес, олардың сапасы мен санының үйлесімділігі. Бірақ, аударылмаған бөліктері көзге түспес үшін кем дегенде тағы да бір-екі мыңдай фразаларды аудару керек. Ол қанша уақытымды алатыны білмеймін, ұзаққа созылатын сияқты. Көмек іздеуді бұрын-ақ тастадым, nobody cares.
Солай! Көңіл-күйді түсірмейтін түріне келгенде XFCE туралы тағы жазармын.