xfce аудармасы туралы бір-екі сөз
Осы іске кірісу алдында оның көлемі туралы қателестім екен, ойлағанымнан бірнеше есе көп болып шықты. Сонымен қатар, бір адамға оны бітіруге ұза-а-ақ уақыт кететін сияқты, көмекшілерді іздеу керек болып тұр. Өзім болсам, тура жаңа жылға дейін созатын сияқтымын. Жағдай сол. Шамамен тағы екі мыңдай мәтін бар аударылмаған. Ол былай тұрсын, сөздер жеткіліксіз ғой! Қайта-қайта осы мәселеге келіп тірелетін болдым. Ойлауға мен сынауға көп уақыт кетіремін. Сынау дегенім, жартылай аударылғанды жүйедегі керек бумаға салып, одан жүйемен оқылғандай. Жүйеден шығу мен қайта кіру керек болады. Одан кейін қолданбалар осы аударуды көріп, іліп алып кетеді. Жақында уақытым болған кезде бірнеше скриншоттарды осында қоямын, қызық болса.
Кеше shared-mime-info аудармасын бітіріп, багрепортты жазып жібердім, енді күтудемін. Ол деген - файлдардың түрлері туралы ақпаратты сақтайтын нәрсе. Яғни, файлдардың кеңейтулердің мен түрлерінің сәйкестігін анықтайды. .doc болса, ол Microsoft Word-тың құжаты деп қайтарады. Байланыста болыңыз, скриншоттар күтілуде!