Форумдарға қарайтын болсақ, көбінесе адамдар ос екі ОЖ-ны салыстырады: Linux пен Windows. Және қойылатын сұрақтардың көбі де мына түрде болады: "Виндовста менде осылайша болған, оны Линукста қалай іске асыруға болады", т.с.с. Бұл мүлдем дұрыс емес жол деп санаймын, өзім болсам, бір жылдан астам үйдегі ноутбугімда Линуксты қолданып жүрмін. Компьютердің атқаратын қызметтері - кино көрсету, браузинг, торренттерді алу, музыка, анда-санда бір-екі фотосуретті түзету - болды. Қазір біз қарапайым пайдаланушылар туралы айтып жатырмыз, арнайы бағдарламаларды қолданатындарды туралы емес - олар туралы басқа әңгіме болады. Басында Линукс неге қазақша болмайды деп сұрағам, сүйтсе, оны өз қолыммен жасасам да болады екен. Қазір болса, бір жылдан соң, браузер мен файлдарды шолушы бағдарлама қазақша сөйлеп тұр, оған қоса тағы да бірнеше пайдалы бағдарламаларды қазақша сөйлеуге үйреттім. Бүгіннен бастап өзім қолданып жүрген бағдарламалар туралы жазбаларды бастаймын. Ол қолданбалар:

ОЖ - ArchLinux

DE (Жұмыс үстелдің ортасы) - XFCE

Браузер - Mozilla Firefox 3.6 beta

Торрент-клиент - Deluge

Видео мен аудио - Smplayer, qmmp

Джаббер клиент - Psi+.

Осылар және басқа да көптеген пайдалы қолданбалар туралы жазбаларым болады.

Жалғасы бар;)


Опубликовано

07 December 2009

blog comments powered by Disqus