Жиі қолданылатын ВИДЕО сөзін қазақшаға неге БЕЙНЕ деп аударады? Бейне ол дегеніміз сурет, бір нәрсенің не адамның сыртқы түрі, көрінісі. Яғни, тұрақты, қозғалмайтын нәрсе. Ал видео болса, ол уақыт өте өзгеріп, ауысып тұратын нәрсе ғой. Осы екі ұғымның арасы қашық, неге олай аударып жүр? Кім айтады, ал. Білімпаз уикипедия жазушылары білетін шығар... Олай дегенім, В әрібінен қашып жүр ғой, қазақ тілінде жоқ деп, олай болса Википедия емес, Уикипедия болсын! Ал, не керек. Сөйлеген сөзімізде В әрібі бар ғой. Келіп жатыр сөз тіркесін тез айтсаңыз, келіватыр болып айтылады, осыған тіліміз жарайды ғой. Өзім болсам, бейне дегенді тек оның туған мағынасында жазамын. Видео менде видео болады, жаңа сөз табылмағанша.

Тағы бірі, ЖЕҢІЛДІК (скидка). Қаланың қай жерінде болсаңыз, дүкен-бутиктердің терезелері осындай жазуларға толы. Оның орнына мағынасы жағынан жақсырақ  келетін ШЕГЕРІМ сөзі бар ғой. Ол дұрыс, бағадан көрсетілген пайызды шегереді, алып тастайды. Жеңілдіктер - льгота болуы керек. Бір нәрсені жеңілдетеді, мысалы, қоғамдық көлікті алсақ, студенттер жарты бағамен жүре алады, міне, осы - жеңілдік.

Бұл тек менің пікірім. Ойларыңыз бар болса, комментарий жызыңыз.


Опубликовано

20 March 2010

blog comments powered by Disqus