Debian GNU/Linux-ты орнатудың қысқаша нұсқауы
Бұл нұсқаулықтың тұпнұсқасы мына жерде: http://www.debian.org/releases/stable/i386/apa.html.en
Басты мәзір:
Ағылшынша http://www.debian.org/releases/stable/i386/index.html.en
Орысша http://www.debian.org/releases/stable/i386/index.html.ru
Назар салыңыз, осында бар сілтемелер әлі де жұмыс істемейді, өйткені толық нұсқаулықтың қазақша нұсқасы ӘЛІ ЖОҚ. Мүмкін, уақыт өте бар болады. Осыны көшіретін болсаңыз, блогтың лицензиясына назар салыңыз, міндетті түрінде алынған жерді көрсетуіңіз керек.
Қосымша А. Орнатудың қысқаша нұсқауы.
Құрамасы
А.1. Алғышарттар
А.2. Орнату бағдарламасын жүктеу
А.2.1. CDROM дискінен жүктелу
А.2.2. USB тасушыдан жүктелу
А.2.3. Желіден жүктелу
А.2.4. Қатты дискіден жүктелу
А.3. Орнату
А.4. Орнату жөнінде есептемені бізге жіберіңіз
А.5. Соңымен...
Бұл құжатта Debian GNU/Linux-тың lenny нұсқасын Intel x86 (“i386”) архитектурасы үшін жаңа debian-installer көмегімен орнату туралы айтылады. Бұл құжат орнату үрдісін қысқаша сипаттайды, және де осында сіз орнатулардың көбіне жарайтын ақпаратты табасыз. Егер кейбір жерде толығырақ ақпаратты оқу керек болса, сол жерде бұл құжаттың (толық нұсқау) сәйкес парағына сілтеме берілетін болады.
А.1. Алғышарттар
Орнату кезінде қателерді кездескен болсаңыз, оларды қалай хабарлау керек жөнінде Бөлім 5.4.6, «Орнату кезіндегі қателер жөнінде есептемелерді жіберу» ішінен оқыңыз. Бұл құжаттан жауап табылмаса, сұрақтарыңызды еркін түрде debian-boot (debian-boot@lists.debian.org) тарату тізімінен не IRC каналдан (OFTC желісіндегі #debian-boot) сұрай аласыз.
А.2. Орнату бағдарламасын жүктеу
debian-cd тобы дайындаған debian-installer бар CD бейнелерін Debian CD парағынан жүктеп алуға болады. Осы туралы көбірек ақпаратты Бөлім 4.1. «Debian GNU/Linux-тың ресми компакт-дискілер жинағы» ішінен оқи аласыз.
Орнатудың кейбір түрлері үшін CD бейнесінен бөлек басқа да бейнелер керек болуы мүмкін. Оларды Debian сервер-айналардан қалай табуға болатын ақпарат Бөлім 4.2.1, «Орнату бейнелерді қайдан іздеу керек» ішінде бар.
Келесі тарауларда әр орнатудың түріне қай бейнелер түрі керектігі көрсетілген.
А.2.1. CDROM дискінен жүктелу
debian-installer көмегімен lenny орнату үшін екі түрлі CD-netinst бейнесі бар. Бұл бейнелер сізге CD дискінен жүктеліп, қосымша дестелерді желіден орнату үшін арналған, сол үшін 'netinst' деп аталады. Олардың айырмашылығы, толық netinst құрамында базалық дестелер бар, ал business card қолданатын болсаңыз, оларды да желіден алуыңыз керек. Әрине, орнату үшін желіге қосылуды талап етпейтін толық CD да қолдана аласыз. Ол үшін компакт-дискілер жинағының бірінші дискісі жеткілікті болады.
Өзіңізге ұнайтын бейне түрін таңдап, оны CD дискіге жазыңыз. CD дискінен жүктелу үшін сізге, мүмкін, BIOS баптауларын өзгерту керек болады. Ол туралы Бөлім 3.6.1, «BIOS-ты баптау мәзірін шақырту» ішінен білуіңізге болады.
А.2.2. USB тасушыдан жүктелу
Оған қоса, алынатын USB тасушыдан да орнатуды жүргізу мүмкін. Мысалы, USB дискінен өзіңізбен бірге алып жүре алатындай өте ыңғайлы және ықшам Debian орнату тасушысын жасауға болады.
USB тасушысын дайындаудың ең жеңіл жолы – hd-media/boot.img.gz жүктеп алып, ол файлдан gunzip көмегімен 256 МБ бейнені тарқату. Одан кейін ол файлды өлшемі кем дегенде 256 МБ болатын USB тасушыға тура жазыңыз (dd көмегімен). Әрине, бұл әрекет тасушыдағы барлық файлдарды өшіреді. Тасушыны жүйеде тіркеңіз, оның ішінде енді FAT файлдық жүйесі бар. Одан кейін, Debian netinst CD бейнесін жүктеп алыңыз да, оны тасушыға көшіріңіз; ол файл кез-келген атаумен бола алады, тек аты .iso -мен бітсе болды.
debian-installer көмегімен тасушыларды қолданудың басқа да, икемдірек жолдары бар, көлемі азырақ тасушыны да қолдануға болады. Көбірек білу үшін Бөлім 4.3, «USB тасушыдан жүктелу үшін файлдарды дайындау» қараңыз.
Әрбір BIOS USB-ден тура жүктелуді қолдай бермейді. Компьютер USB-ден жүктеле алатындай, мүмкін, сізге BIOS-ты removable drive-тан не тіпті USB-ZIP-тен жүктелуді көрсетуге керек болады. Пайдалы кеңестерді мен толық анықтамасын Бөлім 5.1.4, «USB тасушыдан жүктелу» ішінен қараңыз.
А.2.3. Желіден жүктелу
debian-installer-ді толығымен желіден жүктелетіндей етіп баптауға болады. Желіден жүктелу тәсілі (netboot) архитектура мен желіден жүктелу баптауларға тәуелді. debian-installer-ді желіден жүктеу үшін керек файлдар netboot/ бумасында орналасқан.
Желілік жүктелудің ең ыңғайлы тәсілі, мүмкін, PXE болады. netboot/pxeboot.tar.gz файлын /var/lib/tftpboot бумасына не өзіңіздің tftp серверіңіздің сәйкес бумасына тарқатыңыз. DHCP серверін клиенттерге /pxelinux.0 файл атын беретіндей баптаңыз, одан кейін барлығы да істеп кетуі тиіс. Көбірек Бөлім 4.5, «TFTP арқылы жүктелу үшін файлдарды дайындау» ішінен оқыңыз.
А.2.4. Қатты дискіден жүктелу
Орнату бағдарламасын ауыстырмалы тасушыдан ғана емес, әр түрлі операциялық жүйелері бар қалыпты қатты дискіден де жүктеуге болады. Қатты дискінің түбірлік бумасына hd-media/initrd.gz, hd-media/vmlinuz файлдарын мен Debian CD бейнесін көшіріңіз. CD бейнесі файлының атауы .iso-мен аяқталатынына көз жеткізіңіз. Одан кейін initrd-дан linux жүктелуі орындалады. Бөлім 5.1.3, «Linux ішінен LILO не GRUB арқылы жүктелу» осының бір тәсілін көрсетеді.
А.3. Орнату
Жөнелтілгеннен кейін, орнату бағдарламасы қарсы алу хабарламасын көрсетеді. Жүктелу үшін Enter басыңыз, немесе басқа жүктелу тәсілдері туралы нұсқауларды оқыңыз (Бөлім 5.3, «Жүктелу параметрлері» қараңыз).
Біраз уақыттан кейін сізден тіл таңдауды сұрайды. Курсорды басқару пернелері көмегімен тілді таңдап, жалғастыру үшін Enter басыңыз. Одан кейін сізден әлемде ол тілде сөйлейтін елді таңдауды сұрайды. Егер ол ел қысқа тізімде жоқ болса, елдердің толық тізімі да қолжетерлік болады.
Сізден пернетақта жаймасын таңдауды сұрау мүмкін. Керек жайманы білмесеңіз, ұсынылатынды таңдаңыз.
Енді debian-installer компьютеріңіздің құрылғыларын анықтап, өзінің қалған бөліктерін CD, иілгіш диск не USB тасушыдан жүктегенше, сіз біраз демала аласыз.
Одан кейін орнату бағдарламасы желілік құрылғыларды анықтап көреді, және желіні DHCP көмегімен баптау талабын жасайды. Сізде желі жоқ болса, не DHCP болмаған жағдайда, желіні қолмен баптау ұсынылады.
Одан кейін уақыт белдеуі мен уақыт бапталады. Орнату бағдарламасы компьютер уақытының дұрыстығын тексеру үшін Интернеттегі уақыт серверіне байланыс жасап көреді.
Енді дисктерді бөлімдеу уақыты келді. Алдымен сізге бүкіл дискті не бар бос орынды автоматты бөлу ұсынылады (Бөлім 6.3.2.1, «Дисктерді автобөлімдеу» қараңыз). Бұл нұсқа бастауыштар не асыққан адамдар үшін сай келеді. Автобөлімдеуді қаламасаңыз, мәзірден қолмен бөлуді таңдаңыз.
Егер сізде сақтағыңыз келетін DOS не Windows диск бөлімдері бар болса, автобөлімдеуді ерекше назар бөліп орындаңыз. Егер дискті қолмен бөлімдеуді қаласаңыз, Debian орнату үшін орын бөлу мақсатында, бар болған FAT не NTFS диск бөлімдері өлшемдерін өзгерту үшін орнату бағдарламасын қолдана аласыз; тек керек диск бөлімін таңдап, оның жаңа өлшемін көрсетіңіз.
Келесі экранда сіз ағымдағы бөлімдер кестесін, бөлімдер пішімдерін мен тіркелу нүктелерін көретін боласыз. Өзгерту не өшіру үшін диск бөлімін таңдай аласыз. Егер автобөлімдеуді қалаған болсаңыз, мәзірдің тек Бөлімдеуді аяқтау мен өзгерістерді дискіге жазу әрекеті қолжетерлік болады, оған шерту арқылы сіз ол өзгерістерді іске асырасыз. Swap үшін кем дегенде бір бөлімді көрсетіп, түбірлік / бөлімі ретінде бір бөлімді тіркеуді ұмытпаңыз. Бөлім 6.3.2, «Диск бөлімдерін көрсету мен тіркеу нүктелерін таңдау» ішінде бөлімдеу бағдарламасын қолданудың толық нұсқаулығы бар; Қосымша С, Debian ішінде дисктерді бөлімдеу ішінде бөлімдеу әрекеті туралы толығырақ айтылған.
Одан кейін debian-installer диск бөлімдерін пішімдеп, базалық жүйені орнатуды бастайды, бұл әрекет біраз уақытты алуы мүмкін. Осыдан кейін ядро орнатылады.
Орнатылған базалық жүйе енді жұмыс істейді, бірақ оның істей алатыны көп емес. Жүйе мүмкіндіктерін арттыру үшін, арнайы тапсырмалар үшін қосымша дестелерді орнату керек. Дестелерді алу орның көрсету үшін сізге apt бағдарламасын баптау керек. «Қалыпты жүйе» тапсырмасы бастапқыда таңдалған болып келеді, және ол әдетте орнату үрдісі үшін керек. Орнатудан кейін графикалық жұмыс үстелімен жұмыс істегіңіз келсе, «Жұмыс үстел ортасы» тапсырмасын таңдаңыз. Ол туралы көбірек Бөлім 6.3.5.2, «Бағдарламалық қамтаманы таңдау мен орнату» ішінен біле аласыз.
Базалық жүйені орнатудан кейін пайдаланушылардың тіркелу жазбалары бапталады. Бастапқыда, сізге «root» (әкімші) тіркелгісі үшін парольді және бір қалыпты пайдаланушы үшін мәліметтерді көрсету керек болады.
Соңғы қадамда жүйелік жүктеуші орнатылады. Егер орнату бағдарламасы компьютерде басқа операциялық жүйелерді тапса, оны да жүктелу мәзіріне қосып, ол туралы сізге хабарлайды. Бастапқыда, бірінші қатты дискінің бас жүктелу жазбасына GRUB орнатылады, әдетте осы жеткілікті болады. Сізге оны өзгерту не басқа жерге ауыстыру мүмкіндігі беріледі.
Одан кейін debian-installer орнатудың аяқталғаны жөнінде хабарлайды. Компакт-дискі не басқа тасушыны алып тастаңыз да, комптютерді қайта қосу үшін Enter пернесін басыңыз. Нәтижесінде компьюетер қайта жүктеліп, жүйеге кіруге шақыру көрсетіледі. Бұл әрекет Тарау 7, Жаңа орнатылған Debian жүйесінің жүктелуі ішінде сипатталған.
Орнату үрдісі жөнінде сізгне қосымша ақпарат керек болса, Тарау 6, Debian-ды орнату бағдарламасын қолдану қараңыз.
А.4. Орнату жөнінде есептемені бізге жіберіңіз
Егер сіз орнатуды debian-installer көмегімен сәтті аяқтасаңыз, біраз уақытты бөліп, ол туралы есептемені бізге жіберуді сұраймыз. Есептемені жіберудің ең оңай жолы – reportbug дестесін орнатып (aptitude install reportbug), Бөлім 8.5.2, «Жүйеден поштаны жіберу» көрсеткендей, reportbug-ты баптаңыз да, reportbug installation-reports командасын орындаңыз.
Егер орнатуды аяқтау сәтсіз болса, мүмкін, сіз debian-installer ақаулығын тапқан шығарсыз. Бағдарламаны жақсарту үшін біз ол туралы білуіміз керек, сол үшін қате жөнінде хабарлауды сұраймыз. Ақаулық жөнінде хабарлауда орнату есептемесін қолдана аласыз; ал егер, тіпті, ешнәрсе орнатылмаса, Бөлім 5.4.5 «Орнату кезіндегі мәселелер жөнінде хабарлау» қараңыз.
А.5. Соңымен...
Debian-ды орнату сізге ұнап, сіз Debian-ды пайдалы екенін табатыныңызға үміттенеміз. Мүмкін, сізге Тарау 8, Келесі қадамдар мен әрі қарай не істеу керек ішіндегі ақпарат пайдалы болады.