Оригинал здесь: http://www.debian.org/social_contract.en.html Все права на текст принадлежат проекту Debian (http://www.debian.org).Это - вольный авторский перевод. Возможно, кому-нибудь он понадобится. Да, я знаю, что место этому переводу на сайте Debian. Надеюсь, что он там будет. Об ошибках пишите в комментарии. БҚ - Бағдарламалық қамтама(software).

Debian-ның әлеуметтік келісім-шарты

1.1 нұсқасы 2004 жылдың 26 сәуірінде ратификацияланған. Оны қабылдағаннан кейін, 1997 жылғы 5 шілдесінде ратификацияланған 1.0 нұсқасы өз күшін жоғалтты.

Debian, Debian GNU/Linux жүйесін жасаушылары, осы Debian-ның әлеуметтік келісім-шартын жасаған. Құжаттың бір бөлігі, яғни Debian-ның еркін БҚ-ны анықтау шарттары (Debian FreeSoftware Guidelines, DFSG), басында өз мойындарымызға алған бірнеше міндеттемелер ретінде жасалып, кейін Еркін БҚ қоғамдастығымен Open Source анықтамасының негізі ретінде алынды.

Еркін БҚ қоғамдастығымен "Әлеуметтік келісім-шарты"

1. Debian 100%-ға да Еркін БҚ болып қалады

"Debian-ның еркін БҚ-ны анықтау шарттары" құжатында біз шығарманың (жұмыстың) еркін екенін анықтау шарттарын ұсынамыз. Біз Debian жүйесі мен оның барлық құрамасы осы шарттарға сәйкес еркін болып қалатынына уәде береміз. Debian-да еркін және еркін емес жұмыстарды жасайтын адамдарды қолдаймыз. Debian жүйесі еркін емес құрамаға тәуелді болып қалатындай жағдайға ешқашан да жол бермейміз.

2. Өзіміздің жұмыстарымызды Еркін БҚ қоғамдастығына қайтарамыз

Debian жүйесінің жаңа құрамасын жазғанда, біз оны Debian-ның еркін БҚ-ны анықтау шарттарына сәйкес лицензия аясында шығарамыз. Еркін БҚ кеңінен таратылып, қолданылатындай, жақсы жүйені жасауға барынша күшімізді саламыз. Жүйеміздің құрамындағы өнімдердің бастапқы авторларымен ("upstream") қателерді түзету, жақсарту мен пайдаланушылар сұрақтары жөнінде хабарласамыз.

3. Пайда болған мәселелерді жасырмаймыз

Әркім және әр уақытта оқи алатын, қателер жөнінде есептемелері бар дерекқор жұмысын мүмкін қыламыз. Бізге жіберілген есептемелер дәл сол уақытта әркімге да қолжетерлік болады.

4. Біз үшін басты - біздің пайдаланушылар мен Еркін БҚ

Пайдаланушыларымыздың мен Еркін БҚ қоғамдастығының қажеттіліктерін алға ұстаймыз. Олардың тілектері біздің жұмысымызға басымды әсер етеді. Пайдаланушыларымыздың әр түрлі жүйелермен жұмыс істеу керектігін әрқашан да қолдаймыз. Debian жүелерінде еркін емес БҚ-ны қолдануға қарсы емеспіз, сонымен қатар ондай өнімдерді жасайтын не қолданатын адамдардан ақшалай төлемдерді алуға ұмтылмаймыз. Debian негізінде дистрибутивтерді не басқа да өнімдерді жасаймын дейтіндерден ешқандай ақшаны сұрамаймыз. Осы мақсаттарға жету үшін, сапасы жоғары, интеграцияланған жүйені ұсынамыз, оны осы түрде қолдануға кедергі бола алатын ешқандай заңгерлік шектеулер жоқ.

5. Еркін БҚ-ны анықтауда біздің шарттарымызға сай емес өнімдер

Кейбір пайдаланушыларымызға Debian-ның еркін БҚ-ны анықтау шарттарына сай келмейтін өнімдер керектігін түсінеміз. Ондай өнімдер үшін архивіміздің "contrib" және "non-free" бөлімдері жасалған. Бұл бөлімдердегі дестелер Debian жүйесінің құрама бөлігі емес, бірақ Debian ішінде қолдану үшін жиналған. CD дискілерін ұсынушыларға ол дестелердің лицензияларын оқып, өз CD дискілерінде ол БҚ-ны таратуға болатын шартын анықтауға шақырамыз. Еркін емес өнімдер Debian жүйесінің бөлігі болмаса да, біз олардың қолдануын қолдаймыз, және өз инфраструктурамызды ұсынамыз (мысалы, қателерді бақылау жүйесі мен пошта тарату тізімдері).

Debian-ның еркін БҚ-ны анықтау шарттары

1. Еркін таратылу

Debian жүйесінің ешбір бөлігінің лицензиясы да ешқандай адамдар тобына, бірнеше қайнар көзінен алынған бағдарламалары бар жиналған дистрибутив құрамында, ол БҚ-ны сату не таратуға тыйым салуы мүмкін емес. Ондай сату үшін лицензия авторға төлемдерді не басқа түрдегі сыйақыны талап етуі мүмкін емес.

2. Бастапқы кодтар

Бағдарлама құрамында оның бастапқы кодтары болып, ол бастапқы кодтарды да, компиляцияланған бағдарламаны таратуға рұқсат етуі тиіс.

3. Туынды жұмыстар

Лицензия бастапқы кодтарды түзету мен туынды жұмыстарды жасауға, және оларды бастапқы БҚ шарттарында таратуға рұқсат етуі тиіс.

4. Бастапқы авторлық кодтың мәтін бүтіндігі

Лицензия бастапқы кодтарды өзгертілген түрінде таратуға тыйым сала алады, бірақ, _тек қана_ бастапқы кодтармен қоса "жамау файлдарын" таратуға рұқсат етсе, жинау кезінде бағдарламаны түрлендіру үшін. Лицензия түрлендірілген бастапқы кодтардан жиналған БҚ-ны таратуды нақты рұқсат етуі тиіс. Лицензия туынды жұмыстар бастапқы БҚ-дан басқаша атау не нұсқа нөміріне ие болуды талап етуі мүмкін. (Бұл - компромисс. Debian тобы барлық авторларды файлдарды өзгертуге, бастапқы кодтар мен бинарлы түрінде, тыйым салмауға шақырады).

5. Адамдар мен адамдар топтарын дискриминацияға тыйым салынады

Лицензия адамдарды не адамдар тобын дискриминацияламау міндетті.

6. Қызмет ету аймақтарына байланысты дискриминацияға тыйым салынады

Лицензия бағдарламаны қызмет етудің белгілі бір аймағында қолдануға тыйым салмауы міндетті. Мысалы, ол бағдарламаны бизнесте не гендік инженерияда қолдануға тыйым салмауы тиіс.

7. Лицензияның таратылуы

Бағдарлама  лицензиясы анықтайтын құқықтарды ол бағдарлама таратылатын адамдардың барлығы алуы тиіс, яғни ол адам не адамдар тобы арнайы лицензияны қолдануы керек емес.

8. Лицензия тек Debian үшін қатысты болмауы керек

Бағдарлама  лицензиясы анықтайтын құқықтары ол бағдарлама Debian жүйесінің бөлігі болуына байланысты болмауы керек. Егер бағдарлама Debian-нан бөлініп, ол бағдарламаның лицензиясы аясында, бірақ Debian-сыз қолданылып не таратылса, ол бағдарламаны алған адамдардың бағдарламаға құқықтары бағдарламаны Debian-мен бірге алған адамдар құқықтарымен тең болуы тиіс.

9. Лицензия басқа БҚ-ны шектей алмайды

Лицензия берілген БҚ-мен бірге таратылатын басқа БҚ-ға шектеу қоймауы тиіс. Мысалы, лицензия өз бағдарламамен бірге таратылатын барлық БҚ де еркін болуын сұрамауы тиіс.

10. Лицензиялардың мысалдары

"GPL", "BSD", мен "Artistic" лицензиялары біз "еркін" деп анықтайтын лицензиялар қатарына жатады.

"Еркін бағдарламалық қамтаманың қоғамдастығымен әлеуметтік келісім-шартын" жасауды Эан Шусслер (Ean Schuessler) ұсынған. Бұл құжаттың жұмыс нұсқасын Брюс Перенс (Bruce Perens) жасаған, Debian-ның басқа жасаушыларымен 1997 жылғы маусым айында болған, бір ай бойы созылған электронды конференция кезінде жетілдірілген, одан кейін ол Debian жобасының ресми шығарылған саясаты ретінде қабылданған.

Кейінірек, Брюс Перенс "Open Source анықтамасын" жасау үшін Debian-ның еркін БҚ-ны анықтау шарттарынан Debian-ға тән сілтемелерді алып тастады.

Басқа ұйымдар өз құжаттарын оны мұра етіп не оған негізделіп жасай алады. Осындаймен айналысатын болсаңыз, Debian жобасын көрсетуді ұмытпауыңызды сұраймыз.


Опубликовано

18 August 2010

Метки


blog comments powered by Disqus